• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 09:40

870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды

20 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.

Мамандандырылған мекемелердің негізгі міндеті – гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, нысандарды жақсы жағдайда ұстау және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу.

«Мұндай мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында ашылды. Осылайша елімізде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелердің жалпы саны 16-ға жетті», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министрліктің бастамасымен облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған мамандандырылған мекемелердің балансына коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды қабылдау бойынша жол карталарын әзірледі.