• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Рекорд Бүгін, 10:15

Әуе жолаушыларын тасымалдау жаңа деңгейге жетті

20 рет
көрсетілді

2025 жылғы шілде айында еліміздің әуе тасымалы саласы айтарлықтай өсім көрсетіп, отандық әуе компаниялары 1,7 миллион жолаушыны жеткізді. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Аталған көрсеткіш 2007 жылдан бері бір айда тіркелген ең жоғары нәтиже болып отыр, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы, деп жазады Egemen.kz.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері әуе арқылы тасымалданған жолаушылар саны 9 миллионға жуықтады.

Саладағы қаржылық түсім де артып келеді: тек шілде айының өзінде жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 113 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-ға көп.

Ал 2025 жылдың алғашқы жеті айындағы жалпы табыс көлемі 500 миллиард теңгеден асып, жылдық өсім 0,9%-ды көрсетті.