• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:02

Алматыда полиция самокат тізгіндеушілерге үндеу жасады

30 рет
көрсетілді

Алматыда полиция электрлі самокатты пайдаланушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейінгі уақытта электрлі самокатты пайдалану кезінде заң бұзушылықтар жиіледі. Полиция бұл көлік түрін басқару ерекше жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететінін ескертеді.

Қолдану ережелерін бұзу және самокаттарды ретсіз тұраққа қою жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мобильді топтармен бірлесіп, қала көшелерінде тұрақты патруль жүргізіп жатыр. 

Жаяу жүргіншілердің немесе көлік қозғалысының еркін қозғалуына кедергі келтіретін, сондай-ақ самокаттарды тротуарлар мен жол бойына қою деректері анықталған жағдайда, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Осы ретте полиция өкілдері ата-аналарға да арнайы үндеу жасайды: балаларға электрлі самокатты айдауға рұқсат бермеңіздер. Бұл – олардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп. Заң кәмелетке толмағандарды тиісінше қадағаламағаны үшін ата-аналарға да әкімшілік жауапкершілікті қарастырады. 

– Электрлі самокатты пайдаланушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға және Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамыз, - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.