• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:30

Қостанай облысында орташа жалақы 381 мың теңгеден асты

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың екінші тоқсанында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) 381 146 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 12,9%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 102,7 пайызға жетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың басында Қостанай облысы тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 215 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Инфляцияны ескере отырып, нақты табыстың өсімі 7,3%-ды көрсетті.

Сонымен қатар, екінші тоқсанда жұмыссыздар саны 21 мың адамды құрады, бұл еңбек күшінің 4,6%-ына тең. Олардың ішінде 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамту органдарында ресми түрде тіркелген (2,3%).

Павлодар облысында 2025 жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 400 мың теңгеден асты.