• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:01

1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылған

30 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылы бассейн инспекцияларының штаты 98-ден 281 адамға дейін өсті. Сондай-ақ еліміздің 10 өңірінде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылды. Бүгінде онда 1 197 маман еңбек етіп жатыр.

2025 жыл басталғалы «Қазсушар» РМК-ның 425 маусымдық қызметкері тұрақты жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар түрлі өңірлерде гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру және салу жобаларын жүзеге асыру барысында 892 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Сала министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік су саласына жаңа білікті кадрларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

«Сондай-ақ мамандардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары қолға алынып жатыр. Мәселен, су саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар олардың жалақысын энергетика саласындағы мамандар деңгейіне жеткізу мәселесі шешімін тапты», деді Н.Нұржігітов.