• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 20 тамызға арналған дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласында күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысында 20–22 тамыз аралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Сол кезеңде Алматы қаласы мен Қонаевта да осындай қауіп бар.

Түркістан облысында және Шымкент қаласында 20 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с. Шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батысы мен шығысында төтенше, ал солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде күндіз жел күшейеді.

Жамбыл облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда да жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде 19 тамыз сағат 20:00-ден 20 тамыз сағат 20:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жарияланды.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Аймақта төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Жердің батысы мен оңтүстік-батысында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жел екпіні 18 м/с болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында 20 тамызда найзағай, күндіз бұршақ пен шквал күтіледі. Түнде және таңертең шығысында тұман болады. Жел екпіні кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысында найзағай, күндіз батысында және солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қостанай қаласында да найзағай болжанған.

Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында жел күшейеді (15–20 м/с). Оңтүстік-шығысы мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.