• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Испанияда орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды

10 рет
көрсетілді

Испанияның солтүстік және батыс өңірлерінде ірі орман өрттері өршіп тұр. Салдарынан бірқатар аймақта теміржол және автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

El Pais басылымының жазуынша, негізгі өрт ошақтары Эстремадура, Галисия және Кастилия-Леон аймақтарында тіркелді. Сондай-ақ ұзындығы 50 шақырымға жуық «Камино-де-Сантьяго» қажылық бағытының бір бөлігі уақытша жабылды.

Еуропалық орман өрттері туралы ақпарат жүйесінің 18 тамыздағы дерегіне сәйкес, қазірдің өзінде 38 мың гектардан астам аумақ жанып кеткен. Салыстыру үшін, өткен жылы Испанияда небәрі 42 гектар орман өртенген.

Өрт салдарынан шамамен 30 мың адам эвакуацияланды. Төрт адамның қаза тапқаны хабарланды.

Ұлттық метеорологиялық агенттіктің болжамынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, ылғалдылық артады. Дегенмен, елдің оңтүстігінде, соның ішінде Эстремадура аймағында ыстық ауа райы сақталмақ.