• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:59

138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

20 рет
көрсетілді

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде 138 мыңнан астам оқушы  білім алады, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылған. Онда 99 мыңға жуық бала оқыталады. Сонымен қатар 1 мыңға жуық ауылдық мектеп жаңғыртылып, оларға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылған.

Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.

Бұл шаралар қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, қазақстандық балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.