• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:15

Халық қалаулылары ақсақалдармен кездесті

100 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында Қазақстан республикасының Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облысының ақсақалдар кеңесі және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Халық қалаулылары Мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейтов өңірдегі экология мәселесін көтерді. Ардагер «Өңірде обыр ауруы кең етек жайып барады. Бірақ онкологиялық диспансердің мәселесі шешімін таппай отыр. Сонымен қатар жас балалар арасындағы аутизм синдромы көбейіп барады, оған мемлекет тарапынан әлі де болса дұрыс көңіл бөлінбейді»,- деді. Осы әңгімеден кейін жаман аурумен ауырған екі еңбек ардагері өзінің назын жеткізді.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері Жезқазған мен Сәтбаев қаласының арасындағы тас жолдың мемлекеттік стандартқа сәйкес келмеуі салдарынан көптеген жол апаты болады және бірнеше рет адам өлімі болғанын айтты.  

Тағы бір үлкен мәселе - ұлттық тарихқа деген көзқарастың түзелмеуі. Қазақстан тарихында өшпестей із қалдырған Бұланты шайқасына 2027 жылы 300 жыл толады. Бұл жеңіс сол кездегі «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» заманындағы сағы сынып жүрген қазақ халқының рухын көтерген ұлы жеңіс!  Өкінішке орай осынау тарихи мерейтойға алдын ала дұрыс дайындық жұмыстары жоқ екенін жеткізді.

Кездесу бір сағаттан артық уақытқа созылды.

Соңғы жаңалықтар