Жуырда «Қызылжар» автоөткізу бекетінде аудандық полиция қызметкерлері тоғыз орындықты «Honda» минивэн автомобилімен Қазақстан азаматтарын Ресейге тасымалдап жүрген 41 жастағы жүргізушіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Арнайы тіркеуден өтпеген және сақтандыру құжатын алмаған шетелдік жүргізушілерге Қазақстан азаматтарын тасымалдауына болмайды. Сол себепті шетелдік жүргізуші әкімшілік жауапкершілік тартып, айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Жалпы «Қауіпсіз жол» жедел-прпофилактикалық шарасы басталғаннан бергі төрт күнде облыс жолдарында 600-дей құқық бұзушылық анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысы