• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2025

Екі адам ажал құшты: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

40 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық ПД мәліметінше, "Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна" автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

«Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады», - деп жазылған ПД хабарламасында.