• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:28

Алматы облысында білім сапасын арттыруға басымдық берілуде

30 рет
көрсетілді

Алматы облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова өңірдегі білім саласының қазіргі жай-күйі, жаңа оқу жылына дайындық, әлеуметтік инфрақұрылым және ең өзекті мәселелер жайында пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында жаңа оқу жылына дайындық кезеңі аяқталды.

«1 қыркүйекте өңір мектептерінде 362 мыңнан астам оқушы оқуға келеді, оның ішінде 135 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары» – деді Әтенбекова.

Ол өңірде педагогикалық шеберлік пен білім сапасын арттырудың негізгі міндет екенін атап өтті.

Білім басқармасындағы тағы бір маңызды бағыт – инклюзивті білім жүйесін дамыту. Әр балаға тең мүмкіндіктер беру – басты талап. Соңғы мәліметтер бойынша, облыс орталығында инклюзивті біліммен қамту деңгейі 75%-ға жетті, ал балабақшаларға қабылдау көрсеткіші – 99%.

Сондай-ақ, Ақмарал Әтенбекова мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылғанын жеткізді.

«Ақпараттық технологиялар, цифрлық дағдылар, робототехника – қазіргі заман талабына сай пәндер. Бұл бағытта педагогикалық конференциялар, мастер-класстар, пилоттық жобалар жүзеге асырылуда» – деді ол.

Білім инфрақұрылымына қатысты өткір мәселе де бар.

«Қонаев қаласындағы жаңа балабақша мен балалар үйі құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл – өңірдегі әлеуметтік қолдау инфрақұрылымының дамуына нақты үлес. Ескі нысан 1963 жылы салынған, апатты ғимараттар есебінде тұр. Оның орнына салынып жатқан заманауи нысан балалардың қауіпсіздігін алғашқы орынға қояды» деп түсіндіре айтты Әтенбекова.