• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Жаңа орынбасар тағайындалды

20 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Кеңесов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Ол облыстың құрылыс, архитектуралық–құрылыс бақылауы және лицензия беру, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларын бақылайтын болады.

Нұрлан Маратұлы «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Бұған дейін энергетикалық бақылау, стратегиялық жоспарлау салаларында қызмет еткен.  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, СҚО Тимирязев ауданының әкімі және т.б. қызметтер атқарған. Соңғы қызметі Президент Әкімшілігінің аймақтарды дамыту жөніндегі мониторинг бөлімінің инспекторы.

ПЕТРОПАВЛ