• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:30

Тараздағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

30 рет
көрсетілді

Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 1 қыркүйекте кешкі уақытта Тараздағы аулалардың бірінде болды. Қансырап жатқан жасөспірімді кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Олардың айтуынша, жедел жәрдем шақырылған сәтте бала әлі тірі болған, алайда келген дәрігерлер оның өмірден өткенін растады.

Күдікті сол күні ұсталды. Ол – 15 жастағы тау-кен технологиялық колледжінің студенті. Екі жасөспірім де таңертең мектептегі салтанатты жиынға қатысқан, ал кешке араларында басталған жанжал төбелеске ұласып, соңы пышақтасуға дейін барған.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті оқиға ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.