«King’s College London» ғалымдары тіс күтімінде үлкен жаңалық ашты. Олар шаш, тері мен жүнде кездесетін кератин ақуызы тіс эмалін табиғи түрде қалпына келтіре алатынын дәлелдеді.
Бұған дейін эмальді қорғауға фтор қолданылып келсе, жаңа зерттеу кератиннің одан да тиімді екенін көрсетті. Бұл технологияны болашақта күнделікті тіс пастасының құрамына қосуға болады. Ал күрделі жағдайларда дәрігерлер оны арнайы гель түрінде қолданады. Зерттеушілер алғашқы өнімді қой жүнінен алынған кератин арқылы жасап көрді. Бұл әдіс экологияға да пайдалы, яғни қалдықты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді әрі фермерлер үшін қосымша табыс көзі болмақ. Кератин тісті қорғап қана қоймай, табиғи эмальді қайта қалпына келтіреді.