• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 09:40

Батырда «Келешек мектебі» ашылды

30 рет
көрсетілді

Тұрғындарының саны жағынан өңірдегі ең үлкен Мұнайлы ауданында жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа «Келешек мектебі» есігін оқушыларға айқара ашты. Бұл оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасын құруды мақсат еткен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан Маңғыстау облысындағы кезекті білім ошақтарының бірі.

Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың білім саласындағы бастамаларын жү­­зеге асыру шеңберінде Маң­ғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 12 600 орындық 13 мектеп салу жоспарланған болса, қазіргі таңда 9 мектеп салынды.

Қыркүйектің 5-і күні Мұнай­лы ауданындағы Батыр ауылы Хазар шағын ауданында аталған жоба аясында салынған №19 орта мектепте ашық есік күні өтті. Сыйымдылығы 1 200 оқушыға арналған әсем мектеп табалдырығын биыл алғаш рет 155 бірінші сынып оқушысы аттады. Оқу орны өз жұмысын 12 зерттеуші, 21 сарапшы, 57 модератор және 4 жас маманмен бастап отыр.

Мектепте барлығы 61 пән ка­бинеті бар. Оның ішінде роботтехника, STEM, дизайн және технология, визуалды өнер, музыка, үй мәдениеті мен тамақтану мәдениетіне арналған кабинеттер бар. Барлық сынып заманауи жабдықтармен қамтылып, сон­дай-ақ ерекше білімді қа­жет ететін балалар үшін сен­сор­лық бөлме, инклюзивті білімді қолдау кабинеті, сон­дай-ақ мүгедектігі бар оқу­шыларға арналған жедел са­ты қарастырылған. Мектеп қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында ғимарат ішінде 126 бейнекамера орнатылып, ауласында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары жа­сақталған.

– Мұнайлы ауданы жаңа ­оқу жылын лайықты дайын­дық­пен қарсы алды. Жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа за­манауи «Келешек мектебі­нің» ашылуы – тұрғындар, ата-аналар мен оқушылар, ұстаз­­дар үшін зор қуаныш. Білім ­­ор­­­дасы – еліміздің білімді, бі­лік­­ті келешегін тәрбиелейтін ­кие­­лі орын болсын деп тілейміз, ­де­­ді Мұнайлы аудандық бі­лім­ ­бө­лімінің басшысы С.Жұбанов.                                                 

 Маңғыстау облысы