• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 18:05

Өрт сөндіру-құтқару спорты: ТЖМ кубогының қорытынды кезеңінде үздіктер анықталды

20 рет
көрсетілді

Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VIII турнирдің төртінші жарыс күні өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстар өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша ұйымдастырылды.

Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

Ерлер арасында:1-орын – Маңғыстау облысы (27,19 секунд)2-орын – Жамбыл облысы (27,63 секунд)3-орын – Батыс Қазақстан облысы (27,73 секунд)

Әйелдер арасында:1-орын – Шымкент қаласы (27,18 секунд)2-орын – Астана қаласы (27,65 секунд)3-орын – Алматы қаласы (28,76 секунд)