Бүгін Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталық аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Ал батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің көптеген өңірінде жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы+15…+17°C, желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Алматыда күн ала бұлтты, күн жылы. Күндіз +29…+31°C, жел 3–8 м/с. Ал Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +29…+31°C, түнде жел 8–13 м/с, күндіз 15–20 м/с дейін жетеді.