• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ 08 Қыркүйек, 2025

Президенттің Жолдауы тарихи сипатқа ие - Алишер Сатвалдиев

100 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Алишер Сатвалдиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына пікір білдіріп, онда көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сенат депутаты Алишер Сатвалдиевтің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы өзінің ауқымы мен көтерген мәселелері бойынша тарихи болып қалады.

«Бір палаталы парламент құру туралы ұсыныс – қоғамда кеңінен талқыланатын бастама. Бұл мәселе алдағы бір жыл ішінде халық пен барлық институттар тарапынан жан-жақты қаралады», деді сенатор.

Ол Мемлекет басшысының жастарға арнаған сөзін де ерекше атап өтті.

«Президент заң үстемдігі мен тәртіптің маңыздылығын атап өтіп, жастарға үлкен сенім артты. Әлімжеттік пен орынсыз қақтығыстардан аулақ болып, болашақ үшін еңбек ету керектігін айтты. Жасанды интеллектіні енгізу мәселесі де жастарға тікелей қатысты», деді Сатвалдиев.

Сенатордың айтуынша, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Парламент бір жыл ішінде тиісті заңдарды қабылдауға кіріседі.