• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 16:31

«Балдәурен» лагері санитарлық талаптарды жүйелі түрде бұзған

40 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның хабарлауынша, РМҚК «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығында» санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің бұзылғаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында лагерь жобалық қуатын да асыра пайдаланылған. Техникалық паспортқа сәйкес, орталық 400 орынға лайықталғанмен, іс жүзінде бір ауысымда 574 бала орналастырылған. Бұл рұқсат етілген нормадан 43%-ға артық екені белгілі болды.

Балаларды орналастыру үшін 12 оқу кабинеті пайдаланылған. Құзырлы орган бұл бөлмелердің санитарлық тораптармен жабдықталмағанын, гигиеналық талаптарға сай келмейтінін және кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіп төндіретінін атап өткен. Норма бойынша бір бөлмеде 6 бала болуы тиіс болса, іс жүзінде 9 балаға дейін орналастырылған.

«Айрықша назар аудартатыны – мемлекеттік квота есебінен тегін демалып жатқан балалар тар және қолайсыз бөлмелерде орналасса, ал ақылы негізде келген балалар бөлек, барлық жағдайы жасалған бөлмелерге жайғастырылған. Анықталған заң бұзушылықтарды жою, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту және болашақта балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмеу мақсатында прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.