3-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан күрес федерациясы жаһан біріншілігінде ел намысын қорғайтын құрама жасақталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бапкерлер бекіткен құрамға Олимпиада, әлем және Азия чемпионатында жүлде алған тәжірибелі балуандарымен қатар түрлі жас санатындағы ірі жарыстарда тұғыр сатысына көтерілген жас спортшылар да енген.
Ересектер арасында бақ сынайтын құрама:
Грек рим күресі: Марлан Мұқашев (55 кг) Айдос Сұлтанғали (60 кг) Ержет Жарлықасын (63 кг) Дін-Мұхамед Қошқар (67 кг)Мерей Мәулетқанов (72 кг)Демеу Жадыраев (77 кг)Альмир Төлебаев (82 кг)Ислам Евлоев (87 кг) Рахат Бержанов (97 кг) Әлімхан Сыздықов (130 кг)Әйелдер күресі: Светлана Анкичева (50 кг) Зейнеп Баянова (53 кг) Зульфия Яхьярова (55 кг) Лаура Алмағанбетова (57 кг) Виктория Хусаинова (59 кг) Тыныс Дүбек (62 кг) Бейбіт Сейдуалы (68 кг) Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Эльмира Сыздықова (76 кг) Еркін күрес: Әділет Әлмұхамедов (57 кг) Асылжан Есенгелді (61 кг) Начын Куулар (65 кг) Нұрқожа Қайпанов (70 кг) Әлібек Әбдіқасым (74 кг) Болат Сақаев (79 кг)Азамат Дәулетбеков (86 кг) Камил Куруглиев (92 кг) Ризабек Айтмұхан (97 кг) Әлішер Ерғали (125 кг)