• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Қыркүйек, 2025

Виктория Графеева әлем чемпионатында өзбек боксшысын жеңді

100 рет
көрсетілді

Бүгін Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің бұл кезеңінде Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Виктория Графеева шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.

60 келіде ел намысын қорғайтын отандасымыз жартылай финал жолдамасын өзбекстандық  Ситора Турдыбекова қарсы сарапқа салды. 

Тартысқа толы жекпе-жекте Виктория Графеева 4:1 есебімен басым болды. Осылайша ол жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі финалға шығу үшін бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа қарсы жұдырықтасады.