• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қыркүйек, 2025

Жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін

120 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілеріне өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп жазады Egemen.kz.

Жобаның негізгі мақсаты – құжаттардағы электронды чипті алып тастау. Министрлік мұны қаржылық тұрғыдан тиімді шешім деп санайды.

Ведомствоның мәліметінше, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығынды қажет етеді. Ал қазіргі таңда олардың барлық функциясын мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.