• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 14:00

Алматыда Target платформасына 8 мың камера қосылады

20 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Полиция департаментіне барып, ішкі істер органдарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі кезде департамент ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде қалалық полиция  жергілікті бюджет есебінен техникамен, қауіпсіздікті арттыруға және полиция жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталған заманауи автокөліктер мен арнайы құралдармен қамтамасыз етіліп отыр.

Қала басшысы  полиция департаментінің жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау жүйесінің жұмысымен және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде цифрлық технологияларды енгізу барысымен танысты. Алматыдағы ЖБО 2000 жылдың желтоқсанында ашылған болатын. Бүгінде мұнда тәулік бойы 28 қызметкер жұмыс істейді. Жүйеге 53 мың камера қосылған, олардың ішінде бет-әлпетті тану функциясы бар құрылғылар да бар.

Келісім бойынша мұндай технологиялар ойын-сауық орындарында, яғни барлар мен мейрамханаларда да орнатылады. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуға және іздеуде жүрген азаматтарды анықтауға қолданылады. Жыл соңына дейін Target платформасына тағы 8 мың камераны қосу жоспарланған. Дархан Сатыбалды қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтудың және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Алматы