• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 09:13

Қорғаншылық органдары қызметкерлерінің саны артты

20 рет
көрсетілді

Отбасыларға көрсетілетін көмектің ауқымын кеңейтуге, қолжетімділікті арттыруға және сүйемелдеудің сапасын жақсарту мақсатында қорғаншылық органдары мамандарының саны 303-тен 1006-ға дейін артқан, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау туралы» Заңымен алғаш рет әрбір 5 мың балаға бір маман нормасы қарастырылған болатын. 

Сондай-ақ өңірлерде қорғаншылық органдарының жұмысын үйлестіретін жаңа құрылымдардың негізі қаланып жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы ашылса, алдағы уақытта осындай бөлімшелер Астана қаласында және Қостанай облысында іске қосылады.

«Жаңа штаттық норма Қазақстан үшін алғаш рет енгізіліп отыр және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Бұл жергілікті деңгейде туындайтын мәселелерді жедел шешуге, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.