Алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылып, кей жерлерде ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, қыркүйектің 23-24 күндері ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, батыс пен оңтүстікте найзағай күтіледі. 23 қыркүйекте шығыста, ал 23-24 қыркүйекте оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болады. Таулы аймақтарда түнде жаңбыр қарға ұласуы ықтимал.
Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар күндізгі температура біртіндеп 20-28 градусқа дейін, ал шығыс өңірлерінде 15-25 градусқа дейін көтеріледі.