• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Құдық – Маңғыстаудың тіршілігінің негізі

30 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы – табиғаты қатал, климаты құрғақ, жауын-шашыны аз аймақ. Шөлейт пен кең жазықтарда малға да, адамға да қажет көкорай шөп аз өседі. Жерүсті өзендерінің жоқтығынан, мұндағы тіршіліктің басты тірегі – жерасты суы. Сол себепті ауыл шаруашылығымен айналысатын халық үшін құдық – өмірдің негізгі көзі, тіршіліктің тірегі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жылдары осы бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе жайылымдарды суландыруға ерекше мән беріліп отыр. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, 2022 жылы 21 құдық қазылып, оған 119,7 млн теңге субсидия бөлінген. 2023 жылы тағы 22 құдыққа 129,3 млн теңге қаражат қаралса, 2024 жылы бір құдыққа 3,5 млн теңге бөлінген. Осылайша соңғы үш жылда 47 құдыққа жалпы 238 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Биылдан бастап «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» жобасы аясында шаруаларға бұрынғыдан да көп мүмкіндік берілмек. Бұған дейін құдық қазуға кеткен шығынның 50 пайызы өтелетін болса, енді бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін ұлғаймақ. 

Қазіргі уақытта облыста иесіз 546 құдық тіркелген. Соның 503-і аудан әкімдіктерінің теңгерімінде. Аудандар бойынша бөлінісі: Бейнеу – 61, Қарақия – 5, Маңғыстау – 430, Мұнайлы – 2, Түпқараған – 5 құдық. Қалған 43 құдықты заңдастыру жұмыстары жүргізілуде, оған жергілікті бюджеттен 6,9 млн теңге қарастыру жоспарланған.

Маңғыстау үшін құдық – тек су көзі емес, бүкіл тіршіліктің негізгі тірегі. Ел мен малға өмір беретін, аймақтың ең басты қазынасы. Қатал климат жағдайында жерасты суын игеру қазіргі күннің ғана емес, болашақтың да маңызды міндеті. Мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауы ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға сенім береді және алдағы күнге деген үмітін арттырады.

Соңғы жаңалықтар