• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Мегаполисте туризм тынысы қандай?

40 рет
көрсетілді

2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыдағы туристік инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі 92,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға артық. Аталған саладағы тың жаңалықтар туралы қаланың туризм басқармасы хабарлады.

Қаражат жаңа қонақ үй нысандарын салуға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы кезеңде туризмнен түскен салық түсімі 46,9 млрд теңгені құраған. Оның ішінде қоғамдық тамақтану саласы – 21,2 млрд теңге (45,2%), спорт және демалысты ұйымдастыру – 8 млрд теңге (17%), уақытша орналастыру қызметінен 4,6 млрд теңге (9,8%) түскен.

«Инвестиция мен салық түсімінің өсуі Алматыдағы туризм саласының қаланың экономикасындағы негізгі қозғаушы күштердің біріне айналып келе жатқанын көрсетеді. Бұл қаражат инфрақұрылымды дамытуға, сервисті жақсартуға және заманауи сапа стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті туризм басқармасындағылар.

Туризмді дамыту қонақтардың Алматыға деген қызығушылығының артуын ғана емес, сондай-ақ қаланың жүйелі жұмысын да жандандыруға тиіс. Алматы облысы аумағында туристік орындар көп болғанымен, олардағы қызмет көрсету сапасының ақсап тұрғаны талай мәрте сын садағына ілінген еді. Мамандар кейінгі жылдардың бедерінде бұл олқылықтар реттеле бастағанын айтады.

Соңғы жаңалықтар