• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:45

Жаңа әуе рейсі ашылды

10 рет
көрсетілді

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейсте­рінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушылар тасымалдай бастады.

Әкімдіктің мәліме­тін­ше, рейсті «SCAT» әуе компаниясы жү­зеге асырады. Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Билет бағасы – 15 000 теңге. Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бұрын «Қарағанды – Семей» бағытындағы әуе қатынасы жабылып қалған еді. Соның салдарынан екі тараптың тұрғындары бір-біріне Астана арқылы пойызбен қатынайтын.

Қазірде «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» ба­ғыттары бойынша әуе рейстері бар. Рейстерді «FlyArystan», «Оң­түстік аспаны», «SCAT» әуе ком­паниялары жүзеге асырады.

Жаңа бағыт республикалық бюджеттен бөлінген субсидия­ның арқасында, Көлік министр­лігі Азаматтық авиация коми­тетінің, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

 

Абай облысы