«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыл сайын аң-құс арналған азық дайындау ісі тиянақты жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы кезеңде жануарларды қолдау – биоалуантүрлілікті сақтаумен тікелей байланысты. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 48 сүтқоректі түрі, 221 құс түрі және Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін фауна өкілдері мекендейді. Соңғы санақ нәтижесі бойынша парк аумағында 1472 аскания бұғысы, 1429 сібір елігі, 696 қабан, 141 бұлан, сондай-ақ сирек жыртқыштар – 55 сілеусін мен 38 қасқыр мекендейді.
Ұлттық парктің қызметкерлері қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырады. Жаз және күз мезгілдерінде шөп, бұтақтық азық, көкөністер дайындалады. Қыс кезінде арнайы астаулар мен қосымша қоректендіру алаңдарына тұрақты түрде жеткізіліп отырады.
Биыл 450 тоннадан астам шөп, шамамен 19 тонна тұз, 108 тонна ағаш жапырағы, 250 тоннадан астам дәнді дақылдардан жасалған жем дайындалды. Бұдан басқа 26 жаңа оттық дайындалды, 50 оттық жөнделді, жаңа тұздықтар жабдықталды, қоректендіру алаңдарын жөндеу және қабандарға арналған паналар орнату көзделген.
Бурабай ауданы,
Ақмола облысы.