• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 16:19

Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» бағытындағы жол құрылысын жеделдетуді тапсырды

10 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай  Telegram арнасында жазды, деп жазады Egemen.kz.

«Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды», делінген хабарламада. 

Президент тапсырған Астана–Арқалық–Торғай–Ырғыз күре жолы – стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл бағыт орталық пен батыс өңірлер арасындағы байланысты 560 шақырымға қысқартып, логистиканы жеңілдетеді. Көлік шығындары азайып, жүк тасымалы жеделдейді.