• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 15:12

Абай облысында алғашқы қар жауды: полиция жолда сақ болуды ескертеді

20 рет
көрсетілді

Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ал батысы мен шығысында көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, кей өңірлерде жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері жолдардағы жағдайды бақылап, тікелей эфирде түсірілім жүргізіп жатыр. Қатты желдің салдарынан инспекторлардың ескертпе сөздерін тұрғындарға жеткізу қиын болып отыр.

Полиция департаменті жүргізушілерге мынадай ескерту жасайды:

қозғалыс жылдамдығын төмендетіңіздер; көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар; қысқы дөңгелектерге уақытылы ауысыңыздар.

Құқық қорғау органдарының өкілдері атап өткендей, бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірін сақтауға көмектеседі.