Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізген, деп жазады Egemen.kz.
Ол қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланған. Іздеудегі адам 2024 жылы Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланып отыр.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бас прокуратура 2024 жылы бұл қылмыс бойынша сыбайлас болған тұлға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанын мәлімдеді.
Бұл қылмысты жасағаны үшін заңды мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.