18 жастағы америкалық жасөспірім Зак Ядегари тағам суреті арқылы калория санайтын қосымша жасап, 30 млн доллар табыс тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Зак арық болғандықтан салмақ қосуды мақсат еткен. Бірақ кафеде немесе мейрамханада достарымен бірге отырғанда жеген тағамының нақты калориясын есептеу қиынға соғып, жоспары жиі бұзылатын. Сол кезде бала кезден кодтауды меңгерген ол: «Неге суреттен-ақ калорияны көрсететін жүйе жасамасқа?» деген ойға келеді. Сөйтіп 2024 жылы достарымен бірге Cal AI қосымшасын іске қосады. Оның артықшылығы – кез келген тағамның суретін салып жіберсеңіз, бірден калориясын шығарып береді. Жүйе 90% дәлдікпен жұмыс істейді. Қазір ол App Store мен Google Play-де бар. Fortune басылымының дерегінше, қосымша ай сайын бірнеше миллион доллар табыс әкеліп отыр. Осындай игілікті идеямен 18 жасар жігіт бүкіл Кремний алқабын таңғалдырды.