Үржар ауданының Бестерек ауылында 19 тамызда болған қайғылы жол апатынан кейін бір айдан астам уақыт комада жатқан қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Бестерек ауылында Toyota маркалы көлік жүргізушісі үйдің қақпасы алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Оқиға орнында екі бала қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді.
Зардап шеккендердің екеуі санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіліп, ем алып, қазір оңалту курсынан өтіп жатыр. Ал Бестеректе емделген қыз бала есін жимастан көз жұмды.
«Зардап шеккен кішкентай қыздың жағдайы ауыр еді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда оның жарақаты тым ауыр болды. Ол есіне келместен көз жұмды», деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.