Егер алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдеген болса банкпен немесе МҚҰ-мен байланысыңыз. Кредиттің алаяқтық екенін хабарлаңыз. Карталарды, шоттарды немесе қосымшаға қолжетімділікті блоктауды сұраңыз және өтінішіңізді тіркеңіз, деп жазады Egemen.kz.
Полицияға арыз беріңіз — жеке барып немесе eGov / eOtinish арқылы онлайн.
Арызда күнін, сомасын, банк/МҚҰ атауын көрсетіңіз; скриншоттар, алаяқтардың нөмірлері, хабарламалар, есеп-шот үзінділерін қоса беріңіз.
Процессуалдық құжаттар алыңыз: зардап шеккен деп тану туралы қаулы (71-бап ҚР ҚПК) және шара қолдану туралы ұсыныс (200-бап ҚР ҚПК) — банкке жолданып, алаяқтық кредит бойынша пайыздарды немесе айыппұлдарды тоқтатуға мүмкіндік береді.