• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:30

Құрылыс нарығын реттеу ісінде де демографиялық саясат болу керек - депутат

10 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым көпбалалы отбасылар ірі қалаларға көп бөлмелі пәтердің аздығынан келе алмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісменнің айтуынша осыдан 15-20 жыл бұрын пәтер салу кезінде 2-3 бөлмелі пәтерлерге басымдық берілсе, қазір қалаларда берілетін пәтерлердің жартысы – 1 және 2 бөлмелі.

«Статистиканы әдейілеп қарадым. Кейінгі 10-15 жылда 1 бөлмелі пәтерлердің үлесі тең жартысына артқан. Салынатын пәтерлердің көбі 1 және 2 бөлмелі болса, көпбалалы отбасылар оған кіре алмайды. Осыны болдырмау үшін құрылыс компанияларына «қалаларға осынша бөлмелі пәтер көбірек керек» деген сигнал берілу керек сияқты. Өйткені баласы көп отбасыларды жер үйлерге ығыстырып жатырмыз. Олар өңірлерге көшуге мәжбүр. Құрылыс нарығын реттеу ісінде де демографиялық саясат болу керек», деді Айдос Сарым.

Депутаттың ұсынысын Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қолдауға дайын екенін айтты.

«Онда біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, нормативтік жолын пысықтайық», деді министр.