• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 12:40

Құрылыстағы қауіпсіздікті көздейтін құжат талқыланды

10 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде еліміздің құрылыс саласын түбегейлі жаңартуға бағытталған «Құрылыс кодексі» мен оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Бұл – елдегі құрылыс мәдениетін заманауи стандарттармен сәйкестендіруді көздейтін маңызды құжат. Бұл туралы депутат Мұрат Әбенов баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, жаңа кодекс тек құрылыс нормаларын жүйелеумен шектелмейді, ең бастысы – адам өмірі мен қауіпсіздігін басымдыққа қояды. Бұл құжатта халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолайлы орта қалыптастыру, қоғамның қала құрылысы шешімдеріне тікелей қатысуы және ақпараттық үлгілеу жүйесін енгізу сынды тетіктер қамтылған.

Мәжіліс талқысында кодекс жобасына 1700-ден астам ұсыныс түсіп, жұмыс тобының талқылауында қызу пікірталас тудырған. 

Сарапшылардың пайымынша, жаңа кодекс құрылыс саласындағы жауапкершілік пен бақылау тетігін күшейтіп, сейсмикалық аймақтардағы нысандардың қауіпсіздігін арттырады. Сонымен бірге, BIM үлгілеу жүйесін енгізу арқылы жобалау мен құрылыс-монтаж үдерісі ашық әрі тиімді болмақ.

«Осыған байланысты Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймыз. Жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау аясында өз жұмысын жалғастыратын болады», деді Мұрат Әбенов.

Жаңа Құрылыс кодексі қабылданса, еліміздегі құрылыс индустриясы қауіпсіздік, тиімділік және ашықтықтың жаңа стандартына көтеріледі деген үміт бар депутаттарда.