• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:00

Ескі ұшақтар елге қауіп тудырып тұр

10 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Көлік министріне жолдаған депутаттық сауалында елімізде әлі де кеңестік Як-40 жолаушылар ұшақтарының пайдаланылып жүргенін сынға алды. Халық қалаулысы бұл әуе кемелерінің пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенін айтып, олардың азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, ел аумағында бүгінгі күнге дейін 1981 жылы сериялық өндірісі тоқтатылған кеңестік Як-40 жолаушылар ұшағы әлі де пайдаланылып келеді. Бүгінде бұл әуе кемелері берісі 44, әрісі 55 жыл жұмыс істеп келеді. 

Қырықбаев атап өткендей, 1980 жылдардың соңында бұл қозғалтқыштардың өндірісі тоқтатылған. 

«Як-40 ұшақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қазіргі заманғы шу мен шығарындыларға қойылатын талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай ұшақтарды пайдалану Еуропалық Одақ аумағында 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап тыйым салынған. Алайда елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Як-40 әуе кемелері санитарлық авиацияда, яғни пациенттерді тасымалдап жүр, бұл адам өміріне қауіп төндіреді емес пе?»  деді депутат.

Халық қалаулысы Үкіметтен бірқатар нақты шара қабылдауды сұрады. Атап айтқанда, ол Як-40 ұшақтарын ел аумағында пайдалануды тоқтату, оларды кезең-кезеңімен шығарудың нақты кестесін ұсыну және халықаралық стандарттарға сай жаңа әуе кемелерін сатып алу бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтты.