Бала тәрбиесі барша ортақ. Өйткені, ұрпағы озық жұрттың жығасы қисаймайды. Осы мақсат мүдесіне сай танымал педогог, ұлағатты ұстаз Күляш Шамшидинованың бала тәрбиесіне арналған «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақ және орыс тілінде жарық көрген оқулықтың басты ерекшелігі - бүгінгі ата-аналарды мазалайтын ең маңызды сұрақтарға жауап табасыз отыр. Атап айтар болсақ:
Мектепті қалай таңдаған жөн? Тек «бестік» бағаға ұмтылған дұрыс па? Цифрлы дәуірде оқушыны қалай ынталандырамыз? Мұғаліммен кикілжің туса не істеу керек? Баланы қажытып алмас үшін қайткен жөн? Ата мен әже неліктен білім мен мейірімнің қайнар көзі саналады? – атты тақырыптарды қамтыған.«Бұл туынды бүгінгі тәрбие мен білім берудің ең өзекті мәселелерін қозғайды. Баланы оқуда қалай қолдау керектігін, оның міндеттері мен демалысының арасындағы теңгерім қандай болу тиістігін, өзіне сенімділікті қалай сіңіру қажеттігін қарапайым тілмен әрі нақты мысалдармен түсіндіреді. Сонымен қатар, баланы қайткен күнде де озат қылып тәрбиелеу туралы емес, өмірден өз орнын таба алатын, жауапкершілікті түсінетін, бақытты, табысты адам тәрбиелеу хақында жазылған. Баланы шын мәнінде үздік қылатын нәрсе – осы», - дейді кітап авторы.