• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 12:18

Ғалымжан Елшібайдың бедерлі белесі

30 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында белгілі журналист, ақын Ғалымжан Елшібайдың «Қаламға қонған құт» атты шығармашылық кеші өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Қаламгердің 50 жас мерейтойына арналған іс-шарада автордың шығармашылық кеңістігіне назар аударылып, ақындық әрі журналистік еңбектері насихатталады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібайдың шығармашылық кеші жергілікті әкімдік, Жазушылар Одағы мен Журналистер одағының ыждағатымен ұйымдастырылып отыр.

Кеш 10 қазан, облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасында, сағат 10-да өтеді.