• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 08:10

Пикассоның бірегей туындылары

20 рет
көрсетілді

Астанада қазір әлемге әйгілі суретші Пабло Пикассоның бірегей туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Халықаралық «Lumiere-Hall» музейі ұйымдастырған көрмеге Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан алынған шебердің 51 литографиясы қойылған.

Атақты сурет­шінің әйгілі туындыла­рын елге жеткізу оңай­ға соқ­паған. Бұл жұмыс­тарды музей бір жылға жуық күтіп, жалға алу арқылы әкеліпті.

«Пикассо көзі ті­рісінде өте танымал болды, ке­зінде оның еңбектеріне «құда түс­пеген» кісі кемде-кем. Суретші майлы бояумен бәрін үлгеріп жаза алмайтын еді. Сол себепті литография – арнайы станок арқылы жасалатын басылым, қазіргі тілмен айтқанда принт, ерекше маңызға ие. Өйткені бұлар шектеулі сериямен шығады, суретшінің қолтаңбасымен рәсім­деледі, ал әлемде мұн­дай­ды жасайтын бірнеше ғана компания бар»,  дейді «Lumiere-Hall» музейінің тең құрыл­тайшысы Максим Егармин.

Коллекцияның құн­­­ды­лығы – Пикассо шы­ғар­­ма­­шы­лығы­ның әр­түрлі ке­зең­дерін қамтитынында. Онда клас­си­калық мектептен бастап минимализм мен кубизмге дейінгі ізденістер көрініс тапқан.

Көрмеде «Барселона­ның көгілдір түсі» атты күн­делікті өмір көрі­ністеріне арналған серия, сондай-ақ атақты «Гер­ника» картинасын жасау барысын си­паттайтын материалдар ұсы­­нылған. «Папье-колле» бөлімі суретшінің кубизмге көз­­­қарасын ашады, ал жеке бөлім Пикассоның соғыс­тан кейінгі кезеңдегі коррида тақы­рыбына қы­зы­ғушылығына арналған. Экспозиция «Соғыс және бейбітшілік» сериясымен түйінделеді.

Бұған дейін көрме Алматыда өткен. Егар­миннің айтуынша, онда көрермендер арасында ең көп қызығушылық тудырғаны – Пикассо әйелдерінің пор­треттері.

Астанадағы көрмені 9 қара­­шаға дейін «Kulan­shi Art» галерея­сы­нан та­ма­­ша­лауға болады.