• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 16:35

Таразда республикалық театр фестивалі басталды

40 рет
көрсетілді

Биыл Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы және қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, ұстаз, ұлы тұлға Асқар Тоқпановтың - 110 жылдық мерейтойы. Осыған орай Таразда республикалық театр фестивалі ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Шара барысында қатысушылар қазақ театр өнерінің корифейі Асқар Тоқпановтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов, сондай-ақ театр және кино актері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Әл-Тарази құттықтау сөз сөйлеп, Асқар Тоқпановтың ұстаздық және шығармашылық болмысы жайында естеліктерімен бөлісті. Республикалық театр фестиваліне еліміздің әр өңірінен алты театр қатысып жатыр. Олардың қатарында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау театры, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, Р.Сейтметов атындағы Түркістан театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры және Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры бар.