«Самара-Шымкент» автокөлік жолының Ақтөбе облысы аумағындағы Белқопа ауылының жанында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы полиция департаменті берген мәліметке сүйене отырып.
Бес жолаушы ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болғандардың бәрі «Газель» автокөлігінің жолаушылары. Көлік Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Алдын ала мәлімет бойынша апат жүк көлігінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуінен орын алған. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбе облысы