• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 15:20

Республика күні қарсаңында Ұлттық ұланда жаңа казарма ашылды

40 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде жаңа заманауи казарма пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.

Салтанатты іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, жаңа нысанның ашылуы — мемлекеттің құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрі әскери қызметшілерге жайлы жағдай жасауға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының нақты нәтижесі.

Жаңа казарма бір батальонға арналған және қазіргі заман талаптарына толық сай жабдықталған. Мұнда демалу, оқу, спортпен айналысу және психологиялық қолдау алу үшін барлық жағдай жасалған.

Ғимарат Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен салынды. Бұл өңір әкімдігі мен Ұлттық ұлан арасындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешудегі өзара тығыз ынтымақтастықтың жемісі.

Казармада әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыруға арналған заманауи спорт залы бар. Сондай-ақ оқу бөлмелерінде интерактивті тақталар, LED экрандар және психологиялық қолдау аймақтары орнатылған. Мұның бәрі оқу үдерісінің сапасын арттырып, тәртіпті күшейтеді.

5510 әскери бөлімі аймақтың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жергілікті билік пен Ұлттық ұланның өзара қолдауы одан әрі нығайтып отыр.

Жаңа казарма ұландықтардың қызмет жағдайын жақсартып қана қоймай, ел тыныштығын күзеткен жауынгерлерге рух пен сенім береді.