• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 15:55

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

20 рет
көрсетілді

Казгидрометтің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында күздің ызғары сезіле бастайды. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласында 29 қазанда бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы –2…–4°С, күндіз +11…+13°С шамасында болады.

30 қазанда да жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 5–10 м/с. Түнде –0…–2°С, күндіз +13…+15°С.

31 қазанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +2…+4°С, күндіз +12…+14°С жылы.

Алматы қаласында 29 қазанда бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан, 3–8 м/с. Түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.

30 қазанда түнде жаңбыр жауады, күндіз бұлт сейіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.

31 қазанда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +17…+19°С.

Шымкент қаласында 29 қазанда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +19…+21°С.

30 қазанда жауын-шашынсыз, жылы күн күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.

31 қазанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9…+11°С, күндіз +24…+26°С жылы.