• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Кеше

Әмбебап сүзгі әзірледі

30 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары ауызсу тапшы ресурстың біріне айналды. Президент тапсырмасына орай қазіргі кезде ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы қабылданып, жобалар қолға алынды.

Осы ретте ғалымдардың заманауи әзірлемелерінің маңызын атап өткен жөн. Жуырда Қ.Сәтбаев университетінің ғалымдары табиғи көздерден алынған суды тазартып, залалсыздандыратын әрі белсендіретін инновациялық көпсатылы сүзгі әзірлеп шығарды. Өндіріске да­йын тәжірибелік үлгіні таныстырған ғалымдар пікіріне сүйенсек, әмбабап сүзгі таза су алуды барынша арттырады.

Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қоры мен бизнес қауымдастығының қолдауымен жүзеге асып отыр. Ғылыми әзірлеменің өндіріске енуімен жаңа технология­ларды қолданысқа енгізу арқылы су қауіпсіздігін күшейтуге болады. Жоба жетекшісі, инженер-эколог, PhD Үмбетәлі Сәрсембин ауызсуды көпсатылы өңдеуге арналған көп­­функ­­цио­налды «Аквакөз» қондыр­­­ғы­­­­сының өндірістік ерекшелігін айтып берді.

«Бұл технология үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен сүзгілеу мен сорбция жасау үрдісі арқылы механикалық және органикалық қоспалар жойылады. Содан кейін озондау үдерісі жүреді. Оның барысында су құрамындағы микро­ағзалар жойылып, суға антиок­­­си­данттық қасиет береді. Соңғы кезеңде ауыр металдар мен ластағыш қалдықтар жойы­лады. Нәтижесінде, тап-таза және қауіпсіз су алынады», дейді Ү.Сәрсембин.

«Аквакөз» қондырғысы – судың табиғи минералдық құрамын сақтай отырып тазартады. Сүзгі арқылы тазар­тыл­ған судың денсаулыққа пайдасы да зор. Сүзгіден өткен судың қышқылды-тотықсыздану потенциалы –130-150 мВ-қа дейін жетеді. Бұл көрсеткіш судың биоактивтілігінің көрінісі. Ал судың pH деңгейі 7,4-ке тең.

Жаңа құрылғыны тұрғын үйлер­де және ауылдық елді мекенде, меди­ци­на­лық мекемеде, тамақ өнер­кә­сібінде және төтенше жағдай­­­лар­да қолдануға болады.

 

АЛМАТЫ