Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірдегі ұзындығы 100 км-ден астам каналды тазалаған, жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым канал тазартылады. Аталған кәсіпорынның жұмыс туралы есебін сала министрі Нұржан Нұржігітов тыңдады.деп жазады Egemen.kz.
Салыстыру үшін айтқанда, 2024 жылы филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан екен.
Су ведомствосы берген жерснарядтың көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылған.
«Қазсушар» РМК БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаиновтың айтуынша ирригациялық каналдарға жоспарланған жылдық тазарту жұмыстарының 94,3 пайызы орындалған.
«Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өңірде 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымының төменгі бөлігін нығайту жұмыстарын қоса алғанда, су тасқынының алдын алу іс-шаралары толық көлемде орындалды», деді Р.Хусаинов.