• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Димаш Құдайбергеннің бастамасымен түсірілген «Voice Beyond Horizon» жобасы Қытайда таныстырылды

100 рет
көрсетілді

Қытайдың танымал Hunan Broadcasting System корпорациясы мен Димаш Құдайбергеннің бірлескен бастамасы «Voice Beyond Horizon» тележобасының промо-бейнеролигі көпшілікке ұсынылды. Жоба еліміздің табиғи сұлулығы мен мәдени байлығын әлем жұртшылығына паш етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қыркүйек айында түсірілім тобы еліміздің әр өңірін аралап, 22 күн ішінде 7436 шақырымнан астам жол жүрген. Топ мүшелері Қазақстанның табиғи және мәдени мұраларымен танысып, Ұлы Жібек жолының бойындағы көне Түркістанды, Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалын, Каспий жағалауын, Алматы облысының Қайыңды көлі мен Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын, сондай-ақ Ақмола өңіріндегі Көбейтұз көлі мен Бурабай курорттық аймағын аралап шықты.

Жобаға Қазақстанмен қатар Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің танымал әртістері қатысқан. Халықаралық шығармашылық экспедицияның мақсаты – табиғат пен өнер үндестігі арқылы достық пен мәдени байланыстарды нығайту.

«Voice Beyond Horizon» тележобасы 2026 жылы Hunan TV телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыруға Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Туризм және спорт министрлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және өңір әкімдіктері қолдау білдірді.