• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Баталов қызметінен кетті ме?

40 рет
көрсетілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілді, деп жазады Egemen.kz.

Кейбір дереккөздерде Р. Баталовтың төралқа төрағасы қызметінен босатылатыны жөнінде мәлімет тараған еді. Бұл – жалған ақпарат.

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Атамекен» ҰКП Жарғысының 16.4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Төралқа төрағасы тек ҰКП съезінің шешімімен ғана сайланады және қызметінен босатылады, - делінген хабарламада.

Палата бұл мәселеге қатысты өзге де жарияланымдардың шындыққа жанаспайтынын және құқықтық негізі жоқ екенін атап өтті.

«Тексерілмеген және жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз», – деп жазды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан.